13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауданда Әкім Ысқақтың «Жүректегі  жазулар» атты кеші өтті

14 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Ауданда Әкім Ысқақтың «Жүректегі  жазулар» атты кеші өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізге ақындық өнерімен танымал тұлға, қоғам белсендісі Ә.Ысқақтың Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жүректегі Жазулар» атты шығармашылық кеші өтті.

Әкім Әбдіхайымұлы — Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Ордабасы, Сарыағаш, Сайрам аудандарының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,

ақын–жазушы, сазгер, қаламгер, сатирик.

Кешке келген оқырмандар автордың өлеңдерін оқып, Алматы қаласы мен жергілікті әншілер әндерін тамаша орындап, көпшілікке әсерлі көңіл-күй сыйлады.

Еліміздің бас қаласынан академик, халықаралық дәрежедегі «Гиппократ» алтын орденінің иесі Жасан Зекейұлы, Президент оркестрінің әншісі, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлібек Ізбасаров, Алматы қаласынан ақын , «Алаш» сыйлығының лауреаты Әлібек Толыбай, композитор Құрасбек Байтоқаев, әнші Гаухар Тоқайқызы, Қазақ радиосында автордың әндерін әдемі әуенмен шырқап жүрген әнші Әйгерім Шерхан, Кентау қаласынан ақын–композитор Жұпаркүл Бекшораева секілді тұлғалар арнайы келіп, жылы лебіздерін жеткізіп, сазды әуендерін арнады.

Ауданымыздың құрметті азаматтары Әлібек Байназар, Амангелді Қабылбеков ағаларымыз және автордың «Алтыным» атты кітабын өзбек тіліне аударған жас қаламгер Мафтуна Нажиева мен аудандық орталық кітапхана қызметкерлері автордың шығармаларына арналған көрмемен таныстырып, ақынға құрметтерін көрсетті.

Кездесу барысында Әкім Әбдіхайымұлының жаңа екі әнінің тұсауы кесілді. Олар Ажар Сламованың сөзіне жазылған Ә.Ысқақтың әні «Кеудемдегі күйсандық» және ақынның сөзіне жазылған Құрасбек Байтоқаевтың әні «Ана».

Осыған дейін ақынның жаңа әндерінің тұсауы Алматы, Тараз және Астана қалаларының сахналарында кесілді.

Ал, бүгін аудан өнерпаздары үшін сазгер ағамыз жаңа туындыларын сайрамдық әншілердің сыйға тарту етті.

Шығармашылық кездесу барысында аудандық мәдениет үйінің директоры Д.Алашбаев кеш иесі Әкім Әбдіхайымұлын аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің арнайы алғыс хатымен құттықтап, марапаттады.

Сонымен қатар, автор аудандық орталық балалар кітапханасында өткен «Әкім Ысқақ оқулары — 2022» аймақтық байқауының жүлдегерлерін марапаттап, ауданның әдебиет пен өнерсүйер қауымына және әншілеріне алғысын білдірді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Аудандық бөлімдер онкүндік іс-шараға өз үлестерін қосты

Next Post

Түркістан: Мемлекеттік қызметкерлер таңғы жаттығуға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі