13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Аудандық бөлімдер онкүндік іс-шараға өз үлестерін қосты

14 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Аудандық бөлімдер онкүндік іс-шараға өз үлестерін қосты
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполайдың қатысуымен «Ауыл – Ел тірегі» аясында онкүндік іс-шарасын қорытындылау жиыны өтті.

Аталған жиынға бөлім басшылары және тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында ауылдық округінің әкімі М.Сиддиков жергілікті халықтың асар жолымен және демеушілігімен атқарылған жұмыстарды баяндады.

Келесі кезекте аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев дербес бөлімдер тарапынан жүзеге асырылған жобаларды таныстырды.

Атап айтқанда,

  • «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акциясы ұйымдастырылды.
  • «Арыс» спорт мектеп залында, ашық спорт алаңшада жасөспірімдер арасында баскетбол, кіші футбол спорт түрінен спорттық жарыс, таэквандо спорт түрінен әдістемелік ашық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді.
  • онкүндік барысында ауылдық округ бюджет кірістерінің көздері бойынша орындалуына талдау жасалып, салық салу базасына мониторинг жүргізілді.
  • Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N89 Қайнарбұлақ жалпы орта мектебінде Балалар сауықтыру лагерінде «Шабытымның асқары менің ауылым» тақпақтар және «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында балаларға ертегі, қойылымдар ұйымдастырылды.
  • «Бөкенбай» каналына 4 шақырым бөлігі механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Доланабұлақ және Жартытөбе каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттары дайындалып, құрылысын жүргізу үшін облыстың салалық басқармаға ұсыныс жолданды. Шаруаларға мемлекеттік қолдаулар мен несиелер туралы түсіндірілді.
  • Арыс ауылдық округі аумағындағы арнайы жер қорынан жалпы көлемі 66,0 гектар жайылымдық жер учаскесі алынып, ауыл тұрғындарының малын жаю үшін Арыс ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне тұрақты пайдалануға табысталды.
  • «Қамқорлық» бағдарламасына тартылған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен, көпбалалы 5 отбасыға демеушілер тарапынан қосымша 130,0 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы берілді.
  • Ауыл округі аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу тәртібін бұза отырып салынған заңсыз құрылыстардың алдын алу үшін үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, ауыл тұрғындарымен жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді. Арыс ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының құрылысы нысанын жоспарланған мерзімде тапсыру үшін құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау және аралау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
  • Қожақорған елді мекеніндегі Жаңақұрылыс көшесіндегі 22 га жер телімінде инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы нысанның жол құрылысы бөлігінің жұмыс жобасына өзгерістер енгізіліп, аяқталды.

Жоба бойынша белсенділік танытқан жергілікті тұрғындар аудан әкімі атынан марапатталып, жақсы тілектерін білдірді.

Ауылдық округін дамыту, тұрғындардың жағдайын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Арыстықтар онкүндік іс-шараға белсене қатысты

Next Post

Ауданда Әкім Ысқақтың "Жүректегі  жазулар" атты кеші өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі