Аудан әкімі Уласбек Садибековтің бастамасымен Арыс ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» аясында өткен онкүндік іс-шара қорытындыланды.
Жиынға аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполай, бөлім басшылары және тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында ауылдық округінің әкімі М.Сиддиков жергілікті халықтың ауызбірлігімен, асар жолымен және демеушілігімен атқарылған жұмыстарды атап өтіп, оларға алғысын жеткізді.
- 2022 жылға аудан бюджетінен 4 млн. аса қаржыға мердігер «Юг-Геостандарт» ЖШС-і тарапынан Нұржанқорған елді мекенінің бас жоспарын ауыл белсенділері мен тұрғындарымен талқылай келе, өзгерістер мен толықтарулар енгізілді;
- Арыс ауылдық округіндегі жайылым жерлердің картасы жасалынып, орналасқан мекенжайлары бойынша елді мекендердің тұрғындарына таныстырылды. Оның ішінде Қожақорған ауылындағы 94,6 га және Нұржанқорған ауылындағы 24,0 га аумақтар құрайтын жайылым жерлер Арыс ауылдық округі әкімшілігінің теңгеріміне алынып, мемлекеттік акт рәсімделген. Арыс ауылдық округі, Нұржанқорған ауылындағы жайылым жердің шекарасы көрші Түлкібас ауданының жеріне дейінгі аумағы нақтыланды;
- Арыс ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары тарапынан бірінші айналымындағы өндірілген көкөніс өнімдерімен кейінгі екінші айналымда өнім егу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- «Бөкембай» каналының 7 шақырым бөлігі қажетті техникаларды жұмылдыра отырып, механикалық тазалаудан өткізілді;
- Қожақорған ауылына қарасты Қарасу көшесіне 2022 жылы аудан бюджетінен 31 млн. көлемінде қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Электр трансформаторы мен электр бағаналарын жаңалауға байланысты тұрғындарға жол бойларындағы кедергі келтіретін ағаш–бұтақтар кесу, құрылыс заттарын жинақтау қажеттілігі түсіндірілді;
- «Арыс» өзенінің жоғары жағында орналасқан қоғамдық саяжайдың кіреберіс жерлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, Жаңақұрылыс көшесінің 1 шақырымға жуық жолына демеушілер тарапынан тас төселді. Осы ауылдың Ж.Меңлібаев көшесіндегі электр жарығы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022 жылы жергілікті бюджеттен 749 мың 898 теңге қаржы қрастырылып, мердігер «MRG-CAPITAL» (МРЖ-Капитал) ЖШС-і тарапынан жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдаланысқа берілді.
- Арыс ауылдық округінде аз қамтамасыз етілген отбасының тұрғын үйіне, демеушілер тарапынан газ жүйесін кіргізіп, қосу жұмыстары жүргізілді.
- Арыс ауылдық округінде орналасқан көше атаулары жазылған тақтайшалар сырланып, жаңартылды;
- Қожақорған ауылындағы М.Анартаев көшесі бойына street workout спорт алаңшасын орнату үшін 2022 жылы жергілікті бюджеттен 2 млн. 499 мың 942 теңге қаржы қаралып, жеке кәсіпкер тарапынан бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Арыс ауылдық округіндегі «Арыс» клубында шахмат, шашка, тоғызқұмалақ ойындарынан ауыл тұрғындары арасында жарыстар ұйымдастырылды.
- Арыс ауылдық округіндегі «Арыс» өзені жағалауларында сенбілік өткізілді.
Ауылдық округінің әкімінен кейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев дербес бөлімдер тарапынан жоспарланған 30-ға жуық іс-шараның орындалуына тоқталды.
Аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай ауыл белсенділерін аудан әкімінің атынан алғыс хаттармен марапаттай келе, ауылдың игілігіне бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Кездесу соңында онкүндік іс-шаралар барысында жоспарланған жұмыстар мен тұрғындардың көтерген жеке мәселелері бақылауға алынды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі