13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыста «Ауыл — ел тірегі» аясында онкүндік іс-шара өтті

14 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Арыста «Ауыл — ел тірегі» аясында онкүндік іс-шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен Арыс ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» аясында онкүндік іс-шара өтті.

Онкүндік іс-шараны қорытындылауға аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполай, аудандық бөлім басшылары мен тұрғындар қатысты.

Жиында ауылдық округінің әкімі М.Сиддиков онкүндік іс-шаралар барысында тұрғындар және кәсіпкерлермен атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауыл әкімінің айтуынша, көшелерді жарықтандыру барысында кедергі болатын ағаш-бұтақтарды кесу, жолға тас төсеу, канал тазалау, жайылым жерлерді ауыл әкімшілігіне қайтару, аз қамтамасыз етілген отбасының үйін газ жүйесіне қосу, спорттық іс-шаралар өткізу, тақтайшалардағы жазуларды жаңалау, сенбіліктер ұйымдастыру секілді жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді.

Келесі кезекте аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев дербес бөлімдер тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесін таныстырды. Мәліметке сәйкес, бюджеттің кіріс көздеріне талдау жүргізілді. «Қамқорлық» бағдарламасына тартылған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға азық-түлік жиынтығы берілді. Ауыл округі аумағында заңсыз құрылыстардың алдын алу мәселелері тұрғындарға түсіндірілді. Онкүндік жоба аясында барлық сала бойынша 30-ға жуық іс-шара жоспарланып, іске асырылды.

Аудан әкімінің кеңесшісі ауылдық округінде өткен онкүндікке белсене араласа отырып, демеушілік көмек көрсету және тазалық сақтау жұмыстарына белсене қатысқан ауыл тұрғындарын аудан әкімінің атынан алғыс хаттармен марапаттады. Марапатталғандардың ішінде ауыл белсенділері Б.Исмаилов, А.Абдуллаев, М.Абдураимов, С.Абдуллаев және жеке кәсіпкерлер Н.Балтабаев, Х.Ахматалиевтар болды.

Жиын соңында тұрғындар өздерінің ризашылықтарын жеткізіп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Ауылдың округінде салаларға қатасты қолға алынған жобалар бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Заңсыз құрылыстар бойынша жауапкершілік мәселесі қаралды

Next Post

Түркістан: Арыстықтар онкүндік іс-шараға белсене қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі