Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады. «Түркістан Арена» стадионында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департементі қызметкерлері мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері таңғы жаттығуын өткізді.
Жаттығу соңы жолдастық футбол ойынымен жалғасып, екі команда өзара тартысты ойын өткізді. Тартысқа толы өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүзеге асқан шара жалғасын табады. Аталған шараның басты мақсаты – түрлі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы өзара бірлікті нығайта отырып, бұқаралық спортқа баулу.
Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға барынша жағдай жасалуда. Облыс орталығында салауатты өмір салтын ұстану, оны насихаттау, ұзақ қашықтыққа жүгіру, футбол, волейбол ойындары сынды іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.
Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру басты назарда.
Қазіргі әлемде спорт және салауатты өмір салты экономикалық дамумен қатар азаматтардың өмір сапасының түйінді көрсеткіштерінің қатарында және халықты әлеуметтік жұмыспен қамтудың маңызды аспектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі — Агенттік) қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдау, патриоттық тәрбие беру және ұжымды біріктіру мақсатында спорт саласындағы негізгі басымдық спорттық-бұқаралық іс-шаралар болып саналады.
Агенттіктің басшылығы, осы іс-шараларға аса биік назар аудара отырып, өз тарапынан орталықта бірнеше спорттық және дене шынықтыру іс-шараларын іске асыруда. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өз кезегінде Агенттіктің бастамасын қолдап, Департамент қызметкерлері арасында дене шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында, Түркістан облысының спорт басқармасымен бірігіп таңғы жаттығуын өткізді.
Жаттығу соңы жолдастық футбол ойынымен жалғасып, екі команда өзара тартысты ойын өткізді. Тартысқа толы өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің басшысы Бектембаев Қайрат Сәлімұлы мұндай жаттығулардың мемлекеттік қызметкерлер үшін берер пайдасы мол екенін және алдағы уақытты жиі өткізіп тұруға атсалысатынын айтып тарқасты.