13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында бюджет мәселесі қаралды

13 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында бюджет мәселесі қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін алдымен Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

Комиссия отырысын Сайрам аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Самат Сапарбаев жүргізді.

Күн тәртібіне енгізілген негізгі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Кембаева баяндап, бюджетке қатысты кірістер бөлігі мен осы бөліктегі ұлғайтылған шығындар бөлігіндегі функционалдық топтарды таныстырды.

Бөлімнің мәліметіне сәйкес, 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің көлемі 3 949 804,0 мың теңгеге, оның ішінде өзіндік кірістер есебінен 189 388,0 мың теңгеге және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 3 706 416,0 мың теңгеге көбейтілді.

Күн тәртібіндегі мәселе аудандық мәслихаттың комиссияларының бірлескен отырысында талқыланып, сессия қарауына ұсынылды.

Тұрақты комиссиясының бірлескен отырысынан кейін жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясы болып өтті.

Сессия отырысына аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Халмурадов төрағалық етіп, аудан әкіміне сөз ұсынды.

Өз кезегінде аудан әкімі Уласбек Садибеков жергілікті халықпен кездесулерде, «Парасат» пікірталас клубының ашық алаңында аудан экономикасын дамыту, тұрғындардың жағдайын жақсарту, өзекті мәселелерді талқылап, шешу бағытында халық қалаулыларының қосып отырған елеулі үлестері үшін алғысын білдірді.

Сессияның күн тәртібіне Сайрам аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12-74/VIІ «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Аталған мәселе бойынша депутаттар тарапынан берілген ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті шешім қабылданып, бекітілді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Парасат пікірталас клубының көшпелі отырысы өтті

Next Post

Отандық такси агрегаторы іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі