13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Парасат пікірталас клубының көшпелі отырысы өтті

13 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Парасат пікірталас клубының көшпелі отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімінің бастамасымен Ақсукент ауылдық округінде «Парасат» пікірталас клубының VIII кезекті, көшпелі отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде ретті және ретсіз қоқыстар туралы қаралып, кеңінен талқыланды. Отырысқа аудандық мәслихаттың депутаты, «ELNUR TV» телеарнасының директоры Фаридулла Файзуллаев Иззатуллаұлы төрағалық етті. Аудандық «Парасат» дискуссиялық клуб мүшелері, аудандық құқық қорғау органы, аудандық бөлім мен мекеме басшылары, БАҚ өкілдері және тұрғындар қатысты.

Жиында төраға «Парасат» пікірталас клубының өткен VII отырысында клуб мүшелері тарапынан Ақсукент-2 ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарының тазалық жайында көтерген мәселелері бойынша ұсыныстар түсуіне орай, аталған ауылдық округінде өткізудің себебін атап өтті. Қоғамның тазалығы, тұрғындардың мәдениеті жайында өз ой-пікірін жеткізіп, ауданның тазалығына біркісідей атсалысуға, қоршаған ортаны қорғауға, сонымен қатар сенбілік күндеріне белсенді қатысуға шақырды.

Сөз соңында жергілікті телеарнаға тұрғындар тарапынан 13 рет арыз-шағым түскенін тілге тиек етті. Әсіресе, аудан орталығына қатысты әкімдіктің әлеуметтік желілері мен телеграм чатында тазалыққа қатысты түсетін сын-пікірлер аз емес. Ал, аудандық полиция басқармасы тарапынан қоғамдық тәртіптің бірі тазалықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес, жалпы 76 хаттама түзілген. 73 азаматқа ескерту берілсе, 3 азаматқа 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Ақсукент-2 ауылындағы бұл өзекті мәселені шешу үшін 1 мекеме жұмыс істеп келген болса, ағымдағы жылы 3 мекеме жұмыс жасауда. Аудан бойынша 2 тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигон бар. Алайда, Манкент ауыл округіндегі полигонның толуына байланысты жұмыс істеп тұрған жоқ. Осы мәселені оң шешімін табу үшін Қайнарбұлақ ауыл округінен арнайы орын дайындалған.

Өткен жылы «Хабар» телеарнасы тарапынан «Eco Meken» реалити-шоуы ұйымдастырылды. Реалити-шоудың мақсаты – көпшілікті қоршаған ортаны таза ұстауға, қалдықты өңдеу саласын дамытуға назар аудару. Аталған байқауда Владислав Голярко жеңімпаз атанып, қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды. Қазіргі таңда ауылының тұрғыны қалдық жинау, өңдеу саласындағы бизнестерін дамытуға күш салып жатыр.

Аудан аумағындағы тазалық бойынша атқарылған жұмыстар мен шешімін қажет ететін мәселелер туралы тұрғындар және салаға жауапты мамандардың пікірлері жайлы бейнеролик әзірленіп, көпшілікке ұсынылды.

Келесі кезекте сөзге шыққан «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров «Парасат» пікірталас клубының көшпелі VII отырысында көтерілген мәселелер мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жайында баяндады.

Previous Post

Тұрғындардың жеке мәселелері  назарға алынды

Next Post

Жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында бюджет мәселесі қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі