13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда этнос өкілдеріне қазақ қолөнерінің шеберлік сыныптары өткізілді

28 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда этнос өкілдеріне қазақ қолөнерінің шеберлік сыныптары өткізілді
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында орналасқан «ArtClay» ұлттық шеберханасында «Қыш-құмыра жасау – көнеден жеткен мұра» тақырыбында шеберлік сыныптары өткізілді. Іс-шара «Қазақтану» жобасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ұлттық өнерді ұлықтаған шараға өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

– Түркістан қаласы көне замандардан бері қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі шараның басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын этнос өкілдері арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау. Сонымен қатар аймақта туризмді дамытуға ықпал ету, бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде өрістету болатын. Шеберлік сыныптары ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, бірлігімізді бекемдей түсетіні анық, — деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Е. Баетов.

Шеберлік сыныптарын «ArtClay» ұлттық шеберханасының жетекшісі Айбек Шекербеков жүргізді. Саз-балшықтан түрлі пішіндегі құмыралар жасап сататын ол, бүгінде шағын шеберханасын да ашқан. Нәпақасын тауып, осы кәсіпті дамытуға күш салып жүр. Шебердің айтуынша, қолөнерге қажетті саз-балшық Сарыағаш ауданынан алынады, сосын Алматыда арнайы өңделіп, Түркістанға жеткізіледі.

Шара барысында Түркістандағы этникалық топтардың өкілдеріне қолөнер бұйымдары мен олардың жасалу жолдары таныстырылды. Кентау қаласынан келген шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Асхаб Сайдуллаев қазақтың ұлттық дәстүрлі қолөнерін дәріптеуге ниетті екенін айтады.

– Өзім құрылыс саласының маманы болғандықтан, қазақтың қолөнер бұйымдары маған таңсық емес. Ол жұмыстардан шабыт аламын. Бүгін қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, тәжірибемді арттырып, бірнеше құмыраны өз қолыммен жасадым. Түркістан облысы үшін туризм саласының орны ерекше. Ал туризм дамуы үшін қолөнеріміз де дамуы тиіс. Жаңарған Түркістанда ұлттық қолөнерді ілгерілетуге жағдай жасалғаны қуантады. Алдағы кезде де осылай түрлі алаңдарды ұсына отырып, бұл саланы жаңа деңгейге көтеруіміз керек, — дейді этномәдени бірлестік өкілі.

Шара соңында қатысушылар қолөнер шеберіне алғысын айтып, естелік суретке түсті.

Previous Post

Бозарық-3 шағын ауданында жаңа спорт мектебі салынуда

Next Post

«Жетісайдың Бөрі Исасы» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі