13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жетісайдың Бөрі Исасы» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді

28 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
«Жетісайдың Бөрі Исасы» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында дирижер, күйші, композитор Бөрі Исаның шығармашылығына арналған «Жетісайдың Бөрі Исасы» сыр-сұхбат кеші өткізілді.

2022 жылдың 27 шілде күні Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен Жетісай аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, профессор, Жетісайдың Нұрғисасы атанған дирижер, күйші, композитор Бөрі Исаның шығармашылығына арналған «Жетісайдың Бөрі Исасы» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді. Іс-шарамыздың басты мақсаты қазақстандық патриотизм негізінде табысты тұлғаны қалыптастыру тәсілі ретінде кітап пен оқуға жастардың назарын аудару, өлкеміздің табысты адамдарының шыңдалуына арқау болған кітаптармен танысу, жастардың бойында өзін-өзі дамыту бойынша жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Мектеп оқушылары Бөрі Исаны күймен қарсы алды. «Балбырауын», «Тәуелсіздік», «Құстар қайтып барады» күйлері орындалды. Іс-шара «ZOOM» платформасында өткізілді. Алғашқы сөз кезегін Түркістан облыстық тарихи- өлкетану музейінің ғылыми әдістемелік бөлімінің ғылыми қызметкері Нысантаева Ақбота сөйлеп, іс-шараны ашты. Бөрі Иса ағамыздың өмірбаянына тоқталып өтті. Келесі сөз кезегін іс-шара жүргізушісі, аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Шоматова Назира алып, сыр – сұхбат кешін одан ары қарай жалғастырды. Іс-шара барысында Бөрі Иса ағамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеслайд көрсетілді. Кітапхана қызметкері Елтон Нұрлыбек «Жақсы адамдарым» әнін орындады. Кеш қонақтары: Жетісай ауданының азаматы, қоғам белсендісі Зиядин Ахмет, №6 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие жөніндегі орынбасары Сариева Сәрсенкүл Бөрі Иса туралы жылы лебіздерін айтты. Кітапхана оқырмандары ағамызға бірнеше сұрақтар қойды. Бөрі Иса ағамыз «Сағыныш» күйін орындады. Кешті аудандық ОКЖ басшысы Жунисова Асима Ермекбайқызы қорытындылап, Бөрі Иса ағамызға алғысын білдірді. Кеш соңында Бөрі Иса кітапхана ұжымына, қонақтарға, өнерпаздарға ақ батасын берді.

Previous Post

Түркістанда этнос өкілдеріне қазақ қолөнерінің шеберлік сыныптары өткізілді

Next Post

400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грантқа өтінім беру 8 тамыздан басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі