13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бозарық-3 шағын ауданында жаңа спорт мектебі салынуда

27 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Бозарық-3 шағын ауданында жаңа спорт мектебі салынуда
56
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкімі  М.Әйтенов бүгін аталмыш ғимараттың құрылыс алаңында болды.

Аумағы — 0,3200 гектар. Жобаға сәйкес — нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер — 64 орын, әйелдер — 36 орын), тренерлер бөлмесі,  16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта — әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.  Құрылыс жұмыстары 2023 жылы ақталады.

Сондай-ақ, қала әкімі  мектептердің құрылысы тексерді.

Шымкент әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірнеше білім ұяларын аралады.

Соның бірі — №46 жалпы білім беру мектебіне 1,5 гектар аумаққа қосымша корпус салынуда. Жоба бойынша нысанда 300 оқушы орны, спортзал, 110 орындық асхана және 10 мың кітап қорына арналған кітапханасы 8 орындық оқу залымен қарастырылған. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталумен 38 адамға тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өткен жылы құрылысы басталған мектептің корпусы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек.

Қала әкімі құрылыс барысындағы кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, А.Навои атындағы № 11 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінде жалпы жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жауапты мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС нысан құрылысын 20 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Өмірзақ Шөкеев Саурандықтармен кездесті

Next Post

Түркістанда этнос өкілдеріне қазақ қолөнерінің шеберлік сыныптары өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі