13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

11 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр
57
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 851 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Егіс көлемі өткен жылдан 5,5 мың гектарға ұлғайды (2021 ж. – 845,5 мың га).

Егістікті әртараптандыруға сәйкес, масақты дақылдардың егіс көлемі 7,1 мың гектарға артып, 248,6 мың гектарға орналастырылды (оның ішінде бидай – 201,2 мың га, арпа – 47,5 мың га).

Астық оруға қолда бар 800-ге жуық комбайнның 90-95%-ы қатысуда. Бүгінгі күнге 23,5 мың гектар астық орылып (10%), гектар түсімділігі 17,2 центнерді құрады, 40,3 мың тонна астық қамбаға құйылды. Биыл алдын-ала жасалынған болжамдық есеп бойынша әр гектардан орташа 18,7 центнерден, жалпы 465,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 203 мың тоннаға артық.

Айта кетейік 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге квоталар енгізілуде.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен ел аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 550 000 тонна көлемінде бидай мен меслинді және 370 000 тонна көлемінде бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін күшінде болмақ, – деп жазды ведомство.

Бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер ел ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.

Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Мақтааралда 1548 адам республикалық сенбілікке қатысты

Next Post

Түркістан: Отбасылық құндылықтар ұлықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі