13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Отбасылық құндылықтар ұлықталды

11 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Отбасылық құндылықтар ұлықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологтары ұйымдастыруымен аудандағы жас отбасылардың қатысуымен отбасындағы өнегелі тәрбие жайында ақыл-кеңес беру, отбасы құндылықтарын қалыптастыру және дамыту мақсатында Асық ата кентінде орналасқан «Асыл қазына және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында жиын болып өтті.

Жиынға ауданымыздағы жас отбасылар, орталық қызметкерлері және қариялары, «Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі К. Сламбекқызы және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс- шара барысында көпшілік қауым отбасы тақырыбында әңгіме қозғап, ойландырып жүрген тақырыптарды көтеріп, пікір-тілектерін білдірді. Шаңырақ шаттығы мен отбасы берекесінің қуанышы қандай, қиындық неден туындайды деген мәселелер төңірегінде қызу әңгіме өрбіп, жастарға отбасындағы өнегелі тәрбие жайында ақыл-кеңестерін айтты. Отбасылық құндылық мәселесі бүгінгі таңда күн тәртібінен түс­пей тұрған өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан, жастар арасында мұндай түйткілді тақырыптарды көтеріп отырудың маңызы айрықша екендігі де тілге тиек етілді. Шараға шақырылған қонақтардың әрқайсысы жас отбасылардың ажырасу себептері мен тастанды балалардың жағдайы туралы өз пікірлерін ортаға салып, қоғам алдында тұрған маңызды міндет – отбасылық бақытқа дұрыс көзқарас қалыптастыру екендігін ерекше атап өтті.

Басқосу соңында отбасын нығайту, үлкендерге ізет көрсету секілді өзекті мәселелер сөз болып, еңбек ардагерлері жас буынды тәрбие­леуде өз тәжірибелерімен бөлісті. Белсенділік танытып, қатысқан жас отбасыларға алғыс білдірілді және орталық атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

 

 

Previous Post

Түркістан облысында астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

Next Post

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2022"конкурсына қатысуға шақырамыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі