13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мақтааралда 1548 адам республикалық сенбілікке қатысты

11 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мақтааралда 1548 адам республикалық сенбілікке қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Birge — taza Qazaqstan» акциясы шеңберінде Республика көлемінде өткен жаппай сенбілікке Мақтаарал ауданынан 1548 адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерден 489 адам, 578 ерікті жастар және 481 тұрғындар бар.

Республика көлемінде өткен тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан мақтааралдықтар ауданның кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен гүлзарлардың айналасын қоқыс қалдықтарынан тазартып, арам шөптерін шапты.

«Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мақтааралдықтар бүгін ауданымыздағы барлық кенттер мен елдімекендерде сенбілік жұмыстарын жүргізді. Өзіміз мекен етіп отырған өлкемізді аялап, айналамыздың тазалығын сақтай білу арқылы жоғары мәдениеттілігімізді көрсете аламыз. Жерлестеріме айтарым, тазалықты әрқайсымыз өз ауламыздан бастаған жөн. Бала-шағамызға туған жердің қадір-қасиетін сезіндіре отырып, қоршаған ортаны таза ұстауға, ағаш егуге, көгалдандыруға тәрбиелейік» — деді сенбілікке қатысушылар.

Жалпы сенбілік барысында 8 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды. Оның ішінде 2,6 тонна шыны қалдықтары, 1,4 тонна пластика қалдықтары, 1,2 тонна резіңке қалдықтары, 1 тонна қағаз қалдықтар және 1,9 металл қалдықтары бар. Сондай-ақ, қоқысты жинауға 14 дана арнайы техника жұмылдырылды. Оның ішінде погрузщик, трактор және трактор тіркемелері бар. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Previous Post

Түркістан облысында МӘМС жүйесіне қатысушылар 1 млн 640 мыңнан асты

Next Post

Түркістан облысында астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі