13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында МӘМС жүйесіне қатысушылар 1 млн 640 мыңнан асты

11 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында МӘМС жүйесіне қатысушылар 1 млн 640 мыңнан асты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында МӘМС жүйесіне тұрғындардың қатысуы біршама артты. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдейді.

2022-2024 жылдарға арналған тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту жөніндегі Меморандумға сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың үлесін 2022 жылға 84% жеткізу жоспарлған. Жыл басынан бері сақтандырылғандардың үлесі – 1 640 334 адамды құрады. МӘМС шеңберінде облыстың 300 мыңнан астам тұрғыны медициналық қызметтерді алудан қағылып отыр.

Жалпы, облыс бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған жалдамалы жұмысшылардың үлесі – 6%, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтіндер – 11% және жеке кәсіпкерлер – 1,8%-ды құрайды. Атап өтетін жайт, жұмыс беруші мекеме — қызметкерлер үшін жауапты болып табылады. Соның ішінде МӘМС жарналары мен аударымдарын уақтылы төлеуі тиіс. Сақтандырылмағандардың арасында – мұғалімдер, тәрбиешілер, жеке сот орындаушылар, жеке кәсіпкерлер және олардың қызметкерлері кездеседі. Сондықтан әр адам өзінің сақтандыру мәртебесін тексеріп, төлемдердің болуын нақтылауы тиіс. Ол үшін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу немесе Telegram-дағы «Saqtandyry-bot» арқылы тексеруге, ал төлемдердің сомалары мен кезеңдерін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы анықтауға болады. Сала мамандарының айтуынша, жоспарлы түрде көрсетілген стационарлық қызметтердің көлемі артып, шұғыл жағдайлар керісінше төмендеген. Қазір халық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аясында медициналық көмекке дер кезінде көрінуге бейімделіп келеді. Ал, консультативтік-диагностикалық қызметтерді тұтыну 63,3 %-ға өскен. Ультрадыбыстық зерттеу қызметін алушылар 16 % артқан. Тіпті, стоматологиялық шұғыл және жоспарлы ем-шараларын алушылардың қатары артқан. Жұмысшы топ өкілдері бұдан соң облыс әкімдігінде өткен МӘМС жүйесі бойынша өңірлік штаб отырысында бас қосты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМӘМСТүркістан облысы
Previous Post

18 мыңнан астам шымкенттік әлеуметтік жәрдемақыны SMS арқылы проактивті тәсілмен рәсімдеді

Next Post

Түркістан: Мақтааралда 1548 адам республикалық сенбілікке қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі