13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Келесте меморандум арқылы 15 мың гектардан астам жер жайылымға беріледі

8 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Келесте меморандум арқылы 15 мың гектардан астам жер жайылымға беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Келес ауданы, Бозай елді мекені жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтылады. Өткен жылы бастау алған жұмыстарды «Baratco» ЖШС-гі жүргізуде. Қазіргі таңда 726 метр тереңдікте ұнғыма қазылып, 24,2 шақырым су құбырлары орнатылды. Жалпы су құбырын ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Құрылыс монтаж жұмыстары аяқталған соң 1700-ден астам тұрғын ауыз сумен қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Бозай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бозайлықтар ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарда жүр. Соның ішінде мал шаруашалығымен айналысатын шарулардың қарасы басым. Мал шаруашылығын дамытамын деген шаруада жайылым жер мәселесі өзектілігін жоғалтпаған. Аудан басшысының алдынғы кездесуінде осы мәселе көтерілген болатын. 3 ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылған. Жайылым жер телімдерін ортақ пайдалануға енгізу жұмыстары бойынша Бозай ауылдық округі аумағынан 1375 гектар жайылым жер учаскесіне оң қортынды беріліп, жерге орналастыру жобасы істелінді. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің қаулысы дайындалуда. Сонымен қатар 15 000 гектар жайылым бойынша жеке және заңды тұлғалармен үшжақты келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе толық шешімін тауып, жайылым жер тұрғындарға берілмек.

Айта кетейік, Түркістан облысы Келес ауданының Бозай ауылында шамамен 400-ге тарта отбасы тұрады. Тұрғындарға тиесілі 2 мыңнан астам ірі-қара мал және 20-30 мың көлемінде қой бар. Ал ауыл аймағындағы жайылым жер көлемі 60 мың гектардан асқанымен, ортақ жайылымның көлемі 1375 гектар ғана. Ауыл тұрғындарына тиесілі жайылым жерлердің саны 40%-ға да жетпейді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзжайылым жерКелес ауданыТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанда «Шаға» жағажайы ашылды

Next Post

Түркістан: Кентауда заманауи қоқыс жәшіктері орнатылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі