13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Кентауда заманауи қоқыс жәшіктері орнатылуда

8 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Кентауда заманауи қоқыс жәшіктері орнатылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында қоқыс жәшіктері жаңартылады. Бүгінгі күні қаладағы халық көп шоғырланатын басты көшелер мен аллеяларға, саябақтар алаңдарына қою жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер заманауи үлгіге сай ыңғайлы жасалынған. Жаңа қоқыс жәшігі үш бөліктен құралған. Яғни шыны ыдыстары, пластикалық қалдықтар, тұрмыстық заттардың қалдықтары бөлек салынады.

Әрбір қоқыс жәшігіндегі қалдықтарды күн сайын тазалық мекемесі тазалап отырады. Үш бөліктен тұратын қоқыс жәшігінен қалада 200-ін орналастыру, ал қарапайым кіші қоқыс жәшіктен 100-ін қою жоспарланған.

Айта кетейік, қалада қоқыс жәшіктерін орнату және жаңарту мәселесі тұрғындар тарапынан көтеріліп келген. Қала әкімі Рашид Аюпов тұрғындармен кездесуінде бұл мәселені шешу жағы қарастырылып, тиісті шаралар жүзеге асырылатынын атап өткен болатын.

Кентау қаласында тазалық жұмыстары басты орында.Моноқала осылайша еліміздегі ең ажарлы қалалар қатарында. Жауапты жұмысты «Тазалық Кентау» ЖШС-і мен «Интеко Групп» ЖШС-і жүргізеді. Кентау қаласында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Көшелер күнде сыпырылып , арнайы қоқыс алаңшалары дер кезінде тазаланып тұрады. Таң қылаң бере жұмысқа кірісетін «Интеко Групп» ЖШС-нің еншісінде 54 көше кіреді. Олар топқа бөлініп қала көшелерін қоқыстан тазартып, тұрғындарға жайлы жағдай сыйлайды. Серіктестік қызметкерлері  жауапты жұмысты әліде жандандырмақ ниетте. Осы мақсатта көп қабатты үйлердің ауласы тағы да жаңа қоқыс алаңшалармен толығатын болады. Ал, «Тазалық Кентау» ЖШС-і контейнерлерді қоқыстан тазартып, дезинфекция жұмыстарын жүргізуді мойнына алып отыр.

Tags: 13kz13kz.kz13кзКентауТүркістан облысықоқыс жәшіктері
Previous Post

Түркістан: Келесте меморандум арқылы 15 мың гектардан астам жер жайылымға беріледі

Next Post

Шымкенттік тұрғындар жер телімдері туралы мәліметті Еgov.kz арқылы ала алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі