13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістанда «Шаға» жағажайы ашылды

8 июля, 2022
in Билік
0
Түркістанда «Шаға» жағажайы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында тұңғыш рет жағажай ашылды. Тарихи шаһардағы туристік-рекреациялық орталығының ашылу салтанатына Түркістан облысының аудан, қалалары мен Шымкент қаласынан және өзге де шаһарлардан саяхатшылар келді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Шаға» жағажайын аралап көріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Жағажайдың ашылуында балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен бірге көпшіліктің қатысуымен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, байқаулар өтті. Су айдынында желкенді қайықтар жүзіп, облыстың ескек есушілері өз шеберліктерін көрсетті. Танымал диджейлер мен өнерпаздар өнер көрсетсе, кештің басты әншісі Қайрат Нұртас өз жерлестеріне әннен шашу шашып, Түркістандағы жағажайдың ашылуымен құттықтады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше жағажайға келген демалушылар Түркістанда ашылған жаңа туристік орынға ризашылықтарын білдірді. Отбасымен суға шомылып, көңілді байқауларға қатысып, шоу-бағдаламаны тамашалады. Жағажай жұмысын бастаған алғашқы күннің өзінде бірнеше мың адам келіп, «Шағадан» шаттанып қайтты. Бұл жағажай туризмді дамытып қана қоймай, Түркістан аумағын көгалдандыру, ауа райын жақсартуға да оң серпін бермек.

Демалыс аумағының құрылысы 2020 жылы қараша айында басталды. Жалпы ауданы – 81 гектар. Ал суының сыйымдылығы – 2,5 млн. текше метрге жуық. Қазіргі таңда жасанды су айдынында 2 млн. текше метр су бар. Көктемгі суды қабылдайтын, су жіберетін каналдар да дайын.

Жағажайда емдік қасиетке ие шағыл құм төселіп, ағаш отырғызылған. Жаңа туристік нысанға баратын жолдың сапасы да жоғары деңгейде. Алдағы уақытта балалар демалыс аумағы, элиталық коттедждер мен қонақүйлер, аквапарк салынады деп жоспарланып отыр.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжағажайТүркістанТүркістан облысыШаға
Previous Post

ҚР Оқу-ағарту министрі Түркістанға іс-сапармен келді

Next Post

Түркістан: Келесте меморандум арқылы 15 мың гектардан астам жер жайылымға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі