13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сенатор түркістандықтармен кездесті

5 июля, 2022
in Қоғам
0
Сенатор түркістандықтармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Түркістан облысына іссапармен келді. Іссапар барысында Оқушылар сарайында балалар әзірлеген көрмені тамашалап, көпбалалы аналарға арналған «Ісмер ана» жобасының іске асырылу барысымен танысты. Сонымен қатар «Farab» кітапханасында мүгедектігі бар азаматтармен әлеуметтік қолдау саласындағы өзекті мәселелер және оның шешу жолдары бойынша кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесуге облыс әкімінің мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Е.Абдиев, мүгедектігі бар азаматтар және облыстық басқармалар мен осы салаға жауапты мекеме өкілдері қатысты. Еркін форматтағы жүздесуде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы, инватакси қызметі, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік, мүгедектік тағайындау, жеке көмекші қызметі ақысы, мүгедектігі бар азаматтарға оқу жеңілдіктері, жұмыспен қамту, міндетті гигиеналық құралдардың жылдық санын көбейту жөнінде мәселелер көтерілді. Көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Сенатор халықпен кездесу барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.

Атай кетейік, статистикалық мәліметтерге сәйкес 2022 жылы Түркістан  облысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 96 748 адамды, немесе облыс халқы санының 4,7%-ын, ал республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,8%-ын құрайды. 2021 жылы барлығы 28 744 адам куәландырылды, оның ішінде –27 255 адам мүгедек деп танылды.Мүгедектердің саны бойынша ауданның халық санына шаққанда  ең көп үлесі Мақтарал ауданының еншісінде. Мұнда аудан халқының  6,7 пайызы еңбекке жарамсыздығы туралы куәлік алған. Ал ең төменгі көрсеткіш  Келес ауданында 1,7 пайыз. Ал балалардың мүгедектікке шығуы көрсеткіші мамандарды мазалап отыр.

Tags: 13kz13kz.kz13кзмүмкіндігі шектеулі азаматтарТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады

Next Post

Түркістан: Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі