13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады

5 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандағы «Шелл» концернінің қолдауымен Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күннен қуат алатын электр қондырғысы орнатылмақ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Solar for Schools жобасының жетекшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасы Күләш Шамшидиновамен кездесіп, маңызды мәселені талқылады. Түркістан облысы әкімдігі жаңа жобаны жан-жақты қолдау әзір. Ол туралы Сәкен Қалқаманов баяндап, жоба жетекшілерімен тығыз байланыс орнатылатынын жеткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл жоба өскелең ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және баламалы энергия көздерінің жаңа мүмкіндіктері жайында хабардар етуге бағытталған. Оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу үшін де маңызды. Күн жүйелері мектептердің энергия тұтынуын төмендетуге мүмкіндік береді және бұл жасыл экономиканың жаһандық мәнін дәлелдейтін көрсеткіш. Жоба жүзеге асқанда оқу орны тұтынылатын электр энергиясын жылына 30%-ға дейін үнемдейді. Әрі оқушылардың зертхана орталығына айналады.

Осыған дейін Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылған еді. Білім ұясының аумағында орнатылатын күн қуатын пайдаланатын заманауи құрылғы Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, халықаралық «Eni» компаниясының мұрындық болуымен жүзеге асты.

«Шелл» компаниясынан осыған дейін Нұр-Сұлтан, Орал, Атырау, Алматы қалаларындағы білім ошақтарында осындай күн станцияларын орнатқан. Түркістан өңірі еліміз бойынша мектеп санынан да, бала туу көрсеткіші бойынша да көш бастап келеді. Облыс аумағында 900-ден астам білім ұясы бар. Осы орайда жаңа жобаны ауылдық жерлердегі мектептерде де орнату мәселесі қарастырылуда.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты сурет салу байқауы өтті

Next Post

Сенатор түркістандықтармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі