13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты сурет салу байқауы өтті

5 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты сурет салу байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде, мектеп оқушылары арасында асфальтқа сурет салудан байқау болып өтті.

Елорда – Нұр-Сұлтан қаласының 24 жылдығы және 2022 жыл Балалар жылына орай ұйымдастырылған байқауға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов және аталмыш мектептің Сызу және бейнелеу пәнінің мұғалімі С.Турсунов және мектеп оқушылары қатысты.

-Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты — балалардың ой-өрісін дамыту, олардың Отанға,туған жерге деген суйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Бүгінгі сайыс арқылы оқушыларымыз Елордамы-Нұр-Сұлтан қаласына өз өнерлері арқылы тарту жасамақ. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Қиялдарың ұшқыр, қаламдарың жүйрік болсын! – деді С. Турсунов.

Нұр-Сұлтан қаласын тек теледидар мен фотосуреттерден ғана көрген қатысушылар барынша суреттерге жан бітіруге тырысты. «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» тақырыбында өткен сурет салу байқауына 15-ке тарта бүлдіршін қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Оқушылардың сурет салу шеберлігі мен тақырыпқа сәйкестігі басты назарға алынған байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Турсунова Зилола мен Дадаева Зарина иеленсе, ІІ орын Індемес Ақдидарға бұйырды. Ал, І орынды Султанова Зарифа қанжығасына байлады. Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбайқауТүркістан облысы
Previous Post

ҚР Президентінің Іс Басқарушысы «Оқжетпес-Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлерімен кездесті

Next Post

Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі