13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

5 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына тұрғындармен бірге қоғамдық бақылау жүргізу тапсырылды. Осыған орай, бүгін Құркелес ауылдық округі, Жаңаталап елді мекеніндегі көшелерге асфальт және шағал төсеу жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Бахытжан Полатов арнайы барып, ауыл тұрғындарының қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық бақылауға ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Құркелес ауылдық округ әкімі, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары қатысты. Қоғамдық бақылаудың мақсаты ауыл тұрғындарымен бірге жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын қадағалау және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып жұмыс жүргізу.

Қоғамдық бақылау барысында аталған елді мекендегі Наркөшкен, Серуен және С.Сейфуллин көшелеріндегі асфальт және шағал төсеу жұмыстарында кемшіліктер анықталып, техникалық қадағалаушы және мердігер мекемелерге қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Көрсетілген кемшіліктер ағымдағы жылдың 11 шілдесіне дейін қайта қалпына келтірілмеген жағдайда, мердігер мекемеге келісімшарт негізінде айыппұл және сотқа талап арызбен жүгіну шаралары қолданылатындығы ескертілді.

«Аталған жол жөндеу жұмыстарының қаржысы мердігерге төленбеген және нысан пайдалануға қабылданбаған. Кемшіліктер қалпына келтіріліп, құрылыс жұмыстары сапалы біткеннен соң ғана мердігер мекемеге қаржы төленіп, нысан қабылданатын болады. Мұндай қоғамдық бақылаулар аудан аумағындағы барлық жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарында жүргізілетін болады» — деді аудан әкімінің орынбасары Бахытжан Полатов.

Ағымдағы жылы Жаңаталап елді мекеніндегі 2 көшеге асфальт төсеу жұмыстары және 12 көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзСарыағаш ауданыТүркістан облысы
Previous Post

Сенатор түркістандықтармен кездесті

Next Post

ҚР Оқу-ағарту министрі Түркістанға іс-сапармен келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі