13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азамат бір күнге басқарма басшысының орнына жұмыс істеп көрді

22 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азамат бір күнге басқарма басшысының орнына жұмыс істеп көрді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Әсия Құралқызының орнына «Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы-Қалаға құқық» Республикалық мүгедектер бірлестігінің төрағасы Ерлан Әбдиев басқарма басшысының міндетін уақытша атқарды. Бұл ерекше жоба 23-маусым — Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Ерлан Тұрсынбайұлы таңғы сағат 09.00-ден бастап өз жұмысына кірісті. Бір күндік шенеунік басқарманың бөлім басшыларымен өткізілетін жоспарлы аппарат жиналысына қатысты. Онда «Жаңа жұмыс орындарының ашылуы» туралы, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының» іске асырылуы, «Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау» туралы маңызды ақпараттар беріліп, атқарылатын жоспарлар пысықталды.

Жұмыс күнінің екінші бөлігінде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Сонымен қатар басқармаға қарасты 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға арналған «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызметі таныстырылды. Осылайша мүмкіндігі шектеулі азамат бір күнге басқарма басшысының орнына жұмыс істеп көрді. Бұл ерекше жоба 23-маусым — Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Педагог мамандар үшін бос орындар конкурсы жарияланды

Next Post

Мемлекеттік қызметшілерге дағдарыс кезіндегі коммуникация бойынша шеберлік сабағы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі