13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Педагог мамандар үшін бос орындар конкурсы жарияланды

22 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Педагог мамандар үшін бос орындар конкурсы жарияланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы педагог мамандар үшін бос орындар конкурсын жариялайды. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.

«Мұғалім тапшылығы бар өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында Түркістан облысына білікті де ынталы мұғалімдерді, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтардың үздік түлектерін жұмысқа шақырамыз. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер тиісті құжаттарды жинақтап, компьютерлік тестілеуден өтеді. Құжаттар sanat.obl@mail.ru электронды поштасына 26 маусымға дейін қабылданады. Конкурстық іріктеуден өткен және арнайы бағдарламаға қатысушы оқытушыларға, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектеріне — лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде есептелген қосымша төлемді қамтитын кешен ұсынылады. Конкурсқа қажетті толық ақпаратты +77076847100 нөміріне хабарласып білуге болады»- деді Ардақ Мәдіханқызы. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы педагог мамандар үшін бос орындар конкурсын жариялайды.

Сонымен қатар брифингке қатысқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова мұндай бастамаларға қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін әрі бұл конкурс түлектер үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтты. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер тиісті құжаттарды жинақтап, компьютерлік тестілеуден өтеді. Құжаттар sanat.obl@mail.ru электронды поштасына 26 маусымға дейін қабылданады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Түркістан: Кентау қаласында құрылыс жұмыстары қарқын алады

Next Post

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азамат бір күнге басқарма басшысының орнына жұмыс істеп көрді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі