13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ТҮЛЕКТЕР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

15 июня, 2020
in Cаясат, Қоғам
0
ТҮЛЕКТЕР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Мейірімділік — адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі». Түлкібас ауданында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер, көпбалалы мұқтаж отбасыға тұрғын үй алып берді. Үйлі болған Хажібековтер отбасы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында түлектерге алғысын жеткізді.

Абай мектеп-лицейі Түлкібас ауданының білім ошақтарының ішіндегі қара шаңырағы саналады. Аталмыш білім ұясын 2000-шы жылы бітірген түлектер «Қамқорлық» жобасының қатысушысы көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты. Жалдамалы пәтерде тұрып келген отбасы мүшелері үй иесінің бірінші топ мүгедектігіне берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қаржысына күн көріп отыр.

Арман Абсиметов-  Абай мектеп-лицейінің түлегі

Айта кетерлік, Түлкібас ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы бойынша 93 аса мұқтаж отбасыға аудан әкімдігі және демеушілер тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда жоба аясында баспанаға мұқтаж екі отбасы жомарт жандардың демеушілігімен үйлі  болыды. Кезекті қуаныш иелеріне үйдің кілтін осы мектепті 56 жыл бұрын бітірген Мархабат Байғұт ағамыз табыстады.

Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет қолға алып отырған жоқ. Соңғы екі жыл қатарынан дәл осы Абай мектеп лицейінің 1998 және 1999 жылы бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж екі жалғыз басты анаға аудан орталығынан үй сыйға тартқан болатын. Осылайша түлкібастықтар бүкіл қазақ еліне үлгі боларлықтай игі істі дәстүрге айналдырып отыр.

Ұлдана Байниязова                      

Previous Post

ЖЕТІСАЙЛЫҚ БАҒБАНДАР ЖАРАП ТҰР

Next Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ДАМУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі