13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖЕТІСАЙЛЫҚ БАҒБАНДАР ЖАРАП ТҰР

15 июня, 2020
in Қоғам
0
ЖЕТІСАЙЛЫҚ БАҒБАНДАР ЖАРАП ТҰР
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Негізгі өнімі ауылшаруашылығы саналатын Жетісай ауданының шаруалары соңғы кездері ауыспалы егісті қолға алып, бау-бақша өсіруге бейімделген. Өйткені, ауыспалы егіс – жердің құнарлылығын сақтаса, бау-бақша өсіру – мол табыстың көзі болып отыр. Қазіргі таңда бағбандар өрік бауының алғашқы өнімдерін ала бастады. Атамекен ауыл округі Мақташы ауылында орналасқан «Арсенал-Сад» ЖШС-гі биыл 30 гектар өрік алқабының әр гектарынан 20 тоннаға жуық өнім аламыз деп отыр.

Аталған қожалықта  бүгінде жалпы көлемі 650 гектар қарқынды бау жайқалып тұр.  Оның 90 гектарын алма, 110 гектарын жүзім, 30 гектарын өрік, 370 гектарын шабдалы, шие, анар секілді жеміс-жидектер құрайды. «Арсенал-Сад» ЖШС-нің агрономы Ерлік Сәдібековтың айтуынша, өріктің бағасы келісіне 800 теңгеден босатылуда.
Ерлік Сәдібеков — «Арсенал-Сад» ЖШС-нің бас агрономы
Жалпы өрік 15 майдан бастап, өрік жинау науқаны басталды. Өрік жалпы ішкі нарыққа кетіп жатыр барлығы.Шымкентке,Алматыға, Астанаға жіберіп жатырмыз. Мынау Алматыдағы «Magnum»супермаркеті алып жатыр. Былтырдан бастап. Бізден қандай өнім шығады қара күзге дейін бізден келіп өдері сатып алып кетіп жатыр. Жалпы ішкі нарықтағы бағасы 800 теңгеден сатып жатырмыз, высший сорттарды. Ал екінші сорт 500-600 теңгеден сатылып жатыр.
Иә, елімізге жеміс-жидек өнімдері көбіне шет елдерден тасмалданады. Сондықтанда ішкі өнімнің өзімізден болуын қаладық деген қожалық бүгінде сол мақсатқа жыл сайын қадам тастаудамыз дейді. Айта өтейік қожалық бүгінде 70-ке тарта жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Бұл көрсеткіш жаз айларының орта тұстарында 250-ге дейін баратын көрінеді.Алғашында 380 гектарды игеруді бастаған бұл қожалық бүгінде ағын суды үнемдеу, су тапшылығын болдырмау мақсатында тамшылатып суғару әдісін кеңінен меңгерген. Соның нәтижесінде өнім бітік шығып, жоспар асыра орындалуда. Қожалық басшылары алдағы уақытта жеміс-жидектің ізін ала бере пісетін дәмі тілүйірер жетісайлық қауындарды жоғары бағада экспорттауды жоспарлап отыр.
Ә. Дәулетбекқызы

 

Previous Post

КЕНТАУ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

Next Post

ТҮЛЕКТЕР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі