13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

10 МЫҢ ШАҚЫРЫМ МИНЕРАЛДЫ ЖОЛАҚ ЖЫРТЫЛДЫ

14 июня, 2020
in Қоғам
0
10 МЫҢ ШАҚЫРЫМ МИНЕРАЛДЫ ЖОЛАҚ ЖЫРТЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жаз шығып, шөп қурамай жатып Түркістан облысының аумағында орман дала өрттері жиі орын алуда. Төтенше жағдайлар департаменті берген ақпаратқа сүйенсек осы мамыр айының өзінде орман шаруашылығы жерлерінде 14 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 оқиғаға артық. Тілсіз жаудың жиі тұтануын мамандар жауын-шашынның көп болып, шөптің қалың шығуымен байланыстыруда. Сондықтан төтеншеліктер биыл 17339 шақырым минералды жолақ жыртуды міндеттеуде.

Минералды жолақтарды жырту жұмысын департамент 6 бөлікке бөлген. Оның әрқайсысын, әр мекеме өзі атқарады. Мәселен, 676 шақырым жолақты республикалық жолға жауапты мекемелер атқарса, 1317 шақырымды облыстық ал, 3104 шақырым жерді аудандық маңызы бар жолға жауаптылар айдайды. Қалған жерлер орман шарушылықтарымен жері иелеріне тиесілі. Департамент берген статистикаға сүйенсек, бүгінгі күнге дейін жұмыстың 70 пайыздан астамы орындалған. Ол үшін 150-дей техника жұмылдырылған.
Асанғали Төлепбергенов – облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары
мынау республикалықм маңызы бар жолдар 676 шақырым толығымен ені 7 метрлік минералды жолдар жыртылып бітті. Мынау қазіргі таңда қатты жел тұруына және ауа райының күрт ысуына байланысты қауіп күшейіп отыр.
Қауіптің күшеюіне байланысты төтеншеліктер полиция өкілдерімен бірге түрлі рейдттер ұйымдастыруда. Ол жұмыстар кезінде азаматтарға  табиғат аясына шығып демалғанда от жағудың қауіпті екені ескертілуде. Бұл бағыттағы жұмытар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Ал, минералды жолақтарды жырту жұмыстары осы аптта аяқталады.
М. Жарылқасын

Previous Post

ӘЛ- ФАРАБИ ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛІП ЖАТЫР

Next Post

КЕНТАУ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі