13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ӘЛ- ФАРАБИ ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛІП ЖАТЫР

14 июня, 2020
in Қоғам
0
ӘЛ- ФАРАБИ ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Әбу Насыр Әл-Фараби» туралы тарихи телехикая түсіріліп жатыр. Биыл ғұлама ғалымның 1150 жылдығы —Юнеско көлемінде тойланатыны белгілі. Осыған орай «Сақ» киностудиясы екінші Аристотель атанған ойшыл-ғалымның ғибратты ғұмырын 10 сериямен көрермен назарына ұсынбақ.

Бұл –Қожа Ахмет Йассауи кесенесі жанынан биыл бой көтерген этноауыл. Осыдан 2 ай бұрын түркістандықтар наурыз мерекесін осында дүркіретіп тойламақ болған. Елдегі төтенше жағдайға байданысты кейінге шегерілді. Есесіне осы дүниенің бәрі «Әл-Фараби» фильмінің дайын декорациясына  айналды.Телехикаяның режиссері — Батырхан Дәуренбеков.  «Қазақ елі», «Толағай», «Қажымұқан», «Қошқар мен теке» сынды 50 шақты анимациялық фильмнің авторы. Режиссер  бүгінде «Әлемнің екінші ұстазының» өмір жолындағы тың деректерін жинап, телекхикая арқылы ғалымның тарихта айтылмай қалған ерекше қырларын ашпақ.

БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ- ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, РЕЖИССЕР

Біз Отырарда туған дейміз.  Негізі Әл-Фараби Отырарға жақын маңда Сырдарияның бойындағы Оқсыз деген қалада туған. Оның әкесі Тархан Озлахтың баласы әскери басшы болған. Ол тарихта бар. Біз соны көрсеттік. Және де Әл-Фарабидің тек қана біліммен емес, мерген болғанын көрсетіп жатырмыз. Және де Отырардың әміршісін өркениетке Әл-Фараби арқылы қалай көтергенін көрсетіп жатырмыз.

Отырардан 30- ға жуық «әл- Фарабилер» шыққан дейді. Бұл сөздің өзі-«Фарабтан шыққан» дегенді білдіреді. Яғни бұл туындының басты кейіпкері «ғылым, білім, өнердің шырақшысы» болған ортағасырлық ойшылдардың  жиынтық бейнесі болғалы тұр. Фарабта туған, Дамаскіде өлген. Самарқан мен Бұхарада ізі қалған. Алайда аталған қалаларға жоспарланған түсірілім пандемияның кесірінен болмай қалды. Дамакстегі көріністер 3 Д графика көмегімен жасалмақ. Қалғаны Отырар мен Түркістандағы тарихи нысандардың маңайында түсіріледі.

Ортағасырлық картинаға керекті реквизиттер өте сәтті таңдалған. Базардағы бұйымдар, жеміс- жидек, ұстахана, сауда керуендеріне керекті  хайуанаттар да арнайы алдырылыпты. Ал, Әбу Насыр Әл- Фарабидің жігіттік шағын жас актер Бекзат Жүнісов сомдайды.

БЕКЗАТ ЖҮНІСОВ-АКТЕР

Мені инстаграмнан тауып алды. Шымкентке шақырды. Видеопроба жасады. Түр келбетім келіп тұрды. Солай өттік.

10 сериялы тарихи телехикая.  Әр көрінісі жас ұрпақтың жадына ерекше ой салады. Туынды көркемге қазан-қараша айларында «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетілмек.

М.ӘСЕМБЕК                                                

Previous Post

500 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

Next Post

10 МЫҢ ШАҚЫРЫМ МИНЕРАЛДЫ ЖОЛАҚ ЖЫРТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі