Түркістан қаласындағы мәдени-рухани орталық аймағындағы «Керуен сарай» кешенінен Түркістан халықаралық әуежайына дейін №20 жаңа қалаішілік қоғамдық көлік бағыты ашылды. Бағыттың жалпы ұзындығы 30 шақырым. Жол жүру уақыты мен жүру жиілігі – 50 минутты құрайды. Тұрғындар үшін 70 теңге көлемінде қолжетімді жол жүру тарифі белгіленген.
Ұзындығы 8,5 метрді құрайтын заманауи автобустар электрондық билет жүйесімен, бақылау камераларымен, желдеткіш жүйесімен, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындармен, пандуспен жабдықталған.
Түркістанда атқарылған жұмыстар қатары мұнымен шектелмейді. Қалада 563 мектеп камерасы жедел басқару орталықтарына қосылды
Түркістан облысында 943 мектептің 563 камерасы Жедел басқару орталықтарына қосылды. Бұл жалпы мектептердің 60%-ын құрайды. Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті жедел басқару орталықтарына шығару жоспарланып отыр.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен барлық білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталығына шығару тапсырмасы түскен.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысында білім ұяларына автобус берілген болатын.
Бұл автобустар шалғай елді мекенде тұратын оқушыларды мектептерге тасымалдау мақсатында сатып алынған. Атап айтсақ, Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Үшқайық ауылдық округіндегі С.Қожанов мектебінде 120 бала тасымалданады. Сондай-ақ Бабай-Қорған жалпы орта мектебі мен Түркістандағы жас туристер станциясына да жаңа автобустар берілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі




