Қонаев қаласындағы «Қапшағай» су қоймасында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің ең үздік 60 спортшысы қатысты. Айтулы сында Түркістан облыстық ССТ ОРМБЖСМ 14 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, 7 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Ел чемпионатында өз сайыстары бойынша А.Вакуленко, Ш.Эргашханов, А.Чуриков (2 алтын), А.Қалдарбек, Б.Рожанский, Б.Шакизада топ жарды. Ал З.Әбдірахман, Р.Дубовской, Н.Малахов пен Д. Петриченко күміс жүлдегер атанса, С.Чурикова, Е.Смирнова, К.Малахова қола жүлде олжалады.
Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының спортшылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Алматы облысына бұйырса, үшінші орынға маңғыстаулықтар иелік етті. Спортшыларды жарысқа Түркістан облысының аға бапкері С.Пичугин және жоғары дәрежелі жаттықтырушылар И. Данилов пен Ю.Пасынков даярлады. Қазақстан Республикасының 5-Жастар спорттық ойындары 4 жылда бір рет өтеді. 2021 жылы наурыз – шілде айлары аралығында еліміздің әр облыс аймағында спорттың 36 түрінен спорттық ойындар өткізіліп жатыр.
Бүгінгі күнде, Алматы облысында спорттың 8 түрінен спорттық ойындары жалғастырылып өткізіліп жатыр (грек-рим күресі, садақ ату, ат спорты түрінен, велосипед спорт түрлерінен, желкенді спорт, регби, Байдарка мен каноэде есуден).
Жарыс барысында еліміздің әр аймағынан келген спортшылар өзара бақ сынасты. Тартысқа толы сайысты дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған. Желкенді спорт түрі Қазақстанда кең қанат жаюда.




