13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сарыағашта астық ору науқаны басталды

14 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сарыағашта астық ору науқаны басталды
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бидай ору науқаны басталды. Осынау науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Дәл қазіргі таңда егістік алқаптарында тізілген комбайндар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде.

Аудан диқандары жылдағыдай биыл да астық ору науқанынан зор үміт күтеді. Әрине бұған мемлекетіміздің шаруашылықтарға жасаған жеңілдіктері де себеп болуда. Сонымен қатар оларға лизинг негізінде техника берілген. Жанар-жағармай, қажетті бөлшектермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде мәселесі жыл сайын жақсарып келеді.

Егін орағын алғашқылардың бірі болып бастаған Дарбаза ауылдық округіндегі диқандар қазір алтын дәнді жинап алу үшін тынбай еңбектенуде. Егіс алқабындағы орақ науқанына 50 комбайн мен 100-ге жуық жүк көлігі қатысуда.

Биыл аудан бойынша барлығы 44,9 мың гектар жерге масақты дақылдар егілді, оның ішінде бидай – 33,4 мың гектар, арпа – 7 мың гектар, жүгері – 4,5 мың гектар.

Сарыағаштық диқандар жылдағыдай биыл да астық ору науқанынан зор үміт күтеді. Әрине, бұған мемлекетіміздің шаруашылықтарға жасаған жеңілдіктері де себеп болуда. Сонымен қатар, оларға лизинг негізінде техника берілген. Жанар-жағармай, қажетті бөлшектермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде мәселесі жыл сайын жақсарып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, аудан бойынша өткен жылдары 69807 гектар егін егілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Ө.Шөкеев: «Жақын елді мекендерде оқушыларды автобуспен тасымалдауға басымдық беру керек»

Next Post

Түркістан халықаралық әуежайына жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі