13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі артады

12 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі артады
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Түркістан қаласында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамдық көлікпен тасымалдау мәселелері талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Бұл талқылауға Түркістан облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев пен Түркістан қаласы әкімінің осы саладағы штаттан тыс кеңесшісі Мұхамметәлі Тасқынбаев және қалалық бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында инватакси қызметі автокөліктерінің арбадағы азаматтарды тасымалдауға қолданылатын құрылғылары заман талабына сай емес екені сөз болды. Кеңесшілер автокөліктердің бір бөлігін гидролифтпен жабдықтау және желдеткіш орнату керектігін айтты. Сонымен қатар, тазалығын реттеу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Жалпы Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің қолжетімділігі де сарапталды. Бұл мәселеде алға басушылық бар деген сөз. Түркістан қаласында 2 ірі мердігерің бірінде автобустарының 100%-ы, яғни 30 дана автобус мүгедектігі бар азаматтарға бейімделген. Дегенмен бірақ екінші мердігер ұсынған автобустардың панудстары талапқа сай емес болпы шықты. Автопрак иелеріне осы кемшіліктерді жою және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау саласындағы қиындықтардың алдын алу мақсатында 6 ай сайын қоғамдық бірлестіктер арқылы тренинг өткізу ұсынылды.

Алдағы уақытта Түркістан қаласына әкелінетін жаңа автобустардың бәрі түгелдей қатаң қадағалаудан өткізілмек. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облысының ұстаздары топ жарды

Next Post

Түркістан облысында мал азығы жеткілікті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі