13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында мал азығы жеткілікті

12 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында мал азығы жеткілікті
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 851 мың гектарға егу жоспарланып, ол жұмыс толығымен аяқталды. Егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде малазықтық дақылдардың көлемі 5,5 мың гектарға артып, 227,5 мың гектарға орналастырылды. Сондай-ақ дәнді дақылдар – 298,2 мың гектарға, дәндік жүгері – 44,5 мың гектарға, бидай –201,2 мың гектарға егілді. Түркістан облысы әкімі аппаратының отырысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев малазықтық дақылдың 2 жылдық қорын жасақтау маңызды екенін жеткізіп, аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшысына тапсырмалар берді.

– Былтырғыдай күрделі жағдай қайталанбауы тиіс. Қазір нағыз жұмыстың қызған шағы. Мал азығын әзірлеуге, жинауға баса назар аударыңыздар. Биыл 2 жылға жететін қор жасақтау қажет. Ауа райының жаңбырлы әрі шөптің мол болуы қолайлы болып тұр. Жем-шөптің бағасы да былтырғыдан арзандады. Осы мәселені толық қадағалап, мониторинг жүргізіп отырыңыздар, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, биылғы егіс науқанына 12,2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы тартылды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан дала жұмыстарына 1672 агроқұрылымға 5,3 млрд. теңге несие берілген. Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін облыста төмендетілген бағамен 47,9 мың тонна дизель отыны бөлініп, босатылды. Облыста 475 түрлі минералды тыңайтқыштың құнының 50%-ын субсидиялауға 6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 319 мың гектар егістік алқап тыңайтылады.

Биыл облыста ІҚМ – 0,1%-ға (1129,6 мың бас), уақ мал – 3,7%-ға (4776,9 мың бас), жылқы – 3,4% -ға (389,9 мың бас), түйе – 2,1% -ға (35,0 мың бас), құс –3,5% — ға (2297,1 мың бас) артқан. Мал басының артуына байланыты мал қыстату науқанына қажетті мал азығы 4,1 млн. тоннаны құрады. Бүгінгі күнге 0,5 млн тонна мал азығы дайындалды. Егілген егіс көлемінен 645 мың тонна мал азығы жиналады. Облыста егістік алқап басынан табиғи шөптер прессі 350-400, жоңышқа 500-700 теңге аралығында сатылуда. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ы арқылы облысқа бөлінген 34,4 мың тонна бидайдан алынатын 9,3 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен сатылуда (65 тг/кг). Бүгінгі күнге 334 агроқұрылымға 540 тонна кебек босатылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістанда қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі артады

Next Post

Шымкент жастарына жан-жақты қолдау көрсетіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі