13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының ұстаздары топ жарды

12 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының ұстаздары топ жарды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Аталған іс-шара 2022 жылғы 9-12 маусым аралығында өтіп, спорттың 4 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) колледж педагогтері мен қызметкерлері өзара бақ сынасты.

Басты мақсат — жалпы білім беру ұйымдарында қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау. Жарыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Спартакиадаға еліміздің 16 өңірінен 384 техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының маманы қатысты.

Атап өту қажет, бұл спартакиада республика бойынша алғашқы рет Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласында өткізіліп отыр.

Жеңімпаздарға алтын, күміс, қола медальдары және жеңімпаз кубоктарымен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Спорттық жарыстың жалпы есептік қорытындысы бойынша Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Қызылорда облысының мамандары жайғасты. Ал үздік үштікті қарағандылық ұстаздар алды. Осылайша Түркістан облысының ұстаздары топ жарды. Бұл айтулы шара енді дәстүрлі түрде өткізіледі. Өйткені өз деңгейінде өткен мұндай шаралар салауатты өмір салтын ұстануға өз септігін тигізетіні анық. Сондықтан спорттық жарыс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан өнерпаздары Алматыда «Шарықтасын шәмшінің асыл әні» атты концерт өткізді

Next Post

Түркістанда қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі