13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өнерпаздары Алматыда «Шарықтасын шәмшінің асыл әні» атты концерт өткізді

12 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан өнерпаздары Алматыда «Шарықтасын шәмшінің асыл әні» атты концерт өткізді
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты концерті өтті. Кеш шымылдығы Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнімен ашылды.

Концерт барысында филармония әншілерімен қатар, кеш қонақтары ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сәбира Әбдірайымова, Талғат Күзембаев және Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева өнер көрсетті.

Өнер кешінде қазақ вальсі королінің халық жүрегінен орын алған 23 шығармасы оркестрдің және ВИА-ның сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалды. Сонымен қатар қалың көпшілікке туындылардың шығу тарихы таныстырылды. Концертке жиналған көпшілік қауым әуезді ән тыңдап керемете кештің куәсі болды. Түркістан төрінде ұйымдастырылған кеш жоғары деңгейде өтті. Жалпы дарынды композитор қоржынында 300-ге тарта ән бар. Әрбір туындысы жүрек төрінде жатталған өнер иесінің әндері филармония әншілерінің орындауында жаңаша сипат алды.

Концерт залының фойесінде Түркістан облыстық тарихи өлкетану мұражайы Шәмші атамызға арналған көрме әзірледі. Рухани мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналған Шәмші Қалдаяқовтың өміршең әндерін дәріптеу мақсатында өткен концерт Шәмші әндеріне сусап келген тыңдарманның көңіліне керемет сезім сыйлап, көпшіліктің оң бағасын алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Сарыағаш ауданында 112 шақырым жол жөнделеді

Next Post

Түркістан облысының ұстаздары топ жарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі