13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаш ауданында 112 шақырым жол жөнделеді

12 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сарыағаш ауданында 112 шақырым жол жөнделеді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан 1,1 шақырымды құрайтын Өркен көшесіне асфальт төсеу жұмыстары барысымен танысып қайтты. Снымен қатар, биыл Жібек жолы ауылдық округінде Әжібеков, Ынтымақ, Абай және Кемпіреков көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Нысан құрылысымен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге және тиісті бөлім басшыларына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда істеліп жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.

Айта кетсек, биыл аудан бойынша жалпы 96 көшенің 112 шақырымы жөнделетін болса, оның ішінде 69 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары, ал 43 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, «Ауыл— Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылжар және Жібек жолы ауылдық округтерінде жалпы 16 көшенің 17,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық бюджет есебінен 20 көшенің 11,8 шақырымына және жергілікті бюджет есебінен 60 көшенің 83 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 7,3% артып, 2022 жылы 60,3%-ға ұлғаятын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша семинар өткізілді

Next Post

Түркістан өнерпаздары Алматыда «Шарықтасын шәмшінің асыл әні» атты концерт өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі