13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

4 июня, 2020
in Қоғам
0
БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары арасындағы блок-бекеттер алынды. Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған полицейлерге құрмет көрсетілді. Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының арнайы «Алхыс хатымен» ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков марапаттады. Өз кезегінде марапатқа ие болған полицейлер әрқашан халық үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін арнайы Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы Сауран блок-бекетіне барды. Онда облыс аумағында коронавирус індетінің таралу жолдарының алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлермен тілдесті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін  марапаттады.  Полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың атынан алғысын жеткізді.

Асылжан Қалдарбеков —    Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі

Жайсыз жағдайға байланысты біздің ҚР төнген қауіп-қатерге барлығымыз жұмылдырылып қызметке түстік. Барлық күн-түн демей жұмыс жасаған қызметкерлердің арқасында нәтижені көргенімізге қуаныштымыз. Түркістан облысы полиция департаментінің басшылары жұмылдырылған қызметкерлерді марапаттап жатыр. Барлығына да рақмет. Отбасымызға оралып, бұрынғыдай қызметімізді атқарамыз.                   

Нұрбол Кужимов – Түркістан облысы ПД ЖПҚ ППБ инспекторы полиция лейтенанты

«Осы 2 айдан астам уақыт ішінде күні-түні қызмет атқардық. Күшейтілген режимде жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен тұрғындардың амандығы, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында шаршамаймыз. Бұл біздің міндетіміз екенін түсіне отырып, мінсіз қызмет атқаруға барымызды салдық. Сол себепті біздің еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап отырғандарыңызға рахмет. Одан бөлек осы 2 ай блок-бекетте атқарған қызметіміз үшін қосымша сыйақыда берілді. Барлығы үшін Министрлікке, ПД басшылығына ризамыз»

Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланғаннан бастап 100-ге жуық блок-бекеттер қойылған болатын. Онда 1500-ге жуық тәртіп сақшылары қызмет етті. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін облыста 8 блок-бекет қалған болатын. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға жұмылдырылған 1409 қызметкер ақшалай сыйақымен қамтамасыз етілген.

Ә. Дәулетбекқызы                                       

Previous Post

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Next Post

10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі