13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

4 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір облысы бір нысаннан тарту еткен болатын. Соның бірі Атырау облысы әкімдігі туризм ордасы, киелі Түркістан жеріне сәулет өнерінің үздігіне айналар «Ұлы дала елі» рухани орталығын салып беруде.
Орталықта Қазақ Хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи – заманауи залдар ашылады. Құрылыс басында болған Атырау облысының әкімі мәдени орталықта заманауи мүмкіндіктерді, яғни, инновациялық технологияларды барынша қолдануды ұсынды.
Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде. Атырау облысы әкімдігінің сыйы қыркүйек айында аяқталуы тиіс. 0,8 га жерде бой көтеріп жатқан орталықтың аумағы 6200 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРДІ

Next Post

БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі