13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРДІ

4 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының бас полицейі “Бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу туралы” Заңды жеке құрамға түсіндіріп өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 25 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ҚР бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі” туралы Заңға қол қойған болатын. Қабылданған Жаңа Заң ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков жеке құрамға толық түсіндіріп өтті. Жиында сөз алған департамент басшысы Қайрат Дәлбеков бұл тұрғыда полицейлердің басты міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау екенін баса айтты.
– Біз үшін қашанда әрбір адамның конститутциялық құқықтары бірінші орында тұрады. Соны ескеріңіздер. Біздің міндет – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі аясында аянбай қызмет атқару. Түрлі құқықбұзушылыққа жол бермей, тәртіптің орнауына ықпал ету. Бейбіт митингілердің заңда көрсетілген ережелерге сәйкес өтуін қадағалайтын боламыз, – деп атап өтті полицей.
Жалпы, Жаңа Заңға сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Оған қоса, бейбіт митинг өткізбес алдын жауапты орындарға хабарлап, рұқсат алынуы қажет. Осылайша, Полиция департаментінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заң кеңінен насихатталып, полиция қызметкерлеріне ұғындырылды.

Previous Post

РАШИД АЮПОВ: «ЕЛІМІЗ ТУЫМЕН ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАСЫМЕН ЕҢСЕЛІ, ӘНҰРАНЫМЕН АЙБАТТЫ»

Next Post

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі