13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

РАШИД АЮПОВ: «ЕЛІМІЗ ТУЫМЕН ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАСЫМЕН ЕҢСЕЛІ, ӘНҰРАНЫМЕН АЙБАТТЫ»

4 июня, 2020
in Билік, Қоғам
0
РАШИД АЮПОВ: «ЕЛІМІЗ ТУЫМЕН ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАСЫМЕН ЕҢСЕЛІ, ӘНҰРАНЫМЕН АЙБАТТЫ»
Share on FacebookShare on Twitter

Рашид Аюпов түркістандықтарды 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтады. Аталмыш жазбаны Түркістан әкімі фейсбук парақшасында жариялаған, — деп хабарлайды «Айғақ» ақпарат тілшісі.
«Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» — деген болатын.
⠀
Биыл елдігімізді айқындайтын мемлекетіміздің басты нышандарының қабылданғанына 28 жыл толып отыр. Бүгінгі күнге дейін, аспан көк Туымыз ғаламшардың ең биік шыңдарына тігіліп, шексіз ғарышта да көрінді. Оң қолымызды жүрек тұсына қойып, «Менің Қазақстанымды» шырқағанда, ерекше бір сезімге бөленесің. Ал, Елтаңбамыз ел тарихынан сыр шертіп, ұлттық рухымызды асқақтатып келеді.
⠀
Рәміздер өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатып, патриотизмге үндеп, батылдыққа тәрбиелейді. Сондықтан да кейінгі жас буын осы рәміздерді бойтұмарындай қастерлеп, ерекше құрмет тұтуы тиіс. Бұл әрбір азаматтың Отан алдындағы басты міндеті деп білемін!
⠀
Баршаңызды 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!
⠀
Құрметпен, Рашид Аюпов» — делінген.
Еске сала кетейік, 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 АДАМНАН ТҰРАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі