13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

4 июня, 2020
in Білім
0
10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысында мектеп бітірген 10 мыңнан астам түлекке ерекше жағдайда атестат табысталды. Жыл сайын салтанатты түрде көптеген қонақтардың қатысумен өтетін шараға биыл тек түлектер мен ұстаздар ғана қатысты. Сонымен қатар, биыл атестат тапсыру рәсімі әр сыныпқа жеке – жеке ұйымдастырылды.

Түркістандағы Некрасов атындағы №9 мектеп – гимназиясын биыл 4 сыныпта 92 түлек бітіріп жатыр. Осыған байланысты атестат тапсыру салтанаты ұйымдастырылды. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты, түлектер сапта тұрғанда арақашықтықты сақтап, ұл-қызының қуанышты сәтін көруге келген ата-аналар тек сырттай ғана бақылады. Пандемияға байланысты атестат тапсыру кезінде ешқандай мерекелік қойылымдар болмады. Тек ұстаздар ғана шәкірттеріне ақ жол тіледі.
Жаңыл Орынбаева – Н. Некрасов атындағы №19 мектеп-гимназиясының директоры   92 оқушының биыл 4 алтын белгіге мектеп бітіріп отыр. Олар өздері таңдаған пәндері бойынша ҰБТ-да жоғары балл жинайды деген сенімдеміз. Сәттілік тілейміз. Барлық уақытта адамға сәттілік керек қой. Оқу жылының сәтті аяқталуымен барлығын құттықтаймын.
Мектепті үздік бітіргендердің бірі Ләззат Сағынтаева. Болашақта журналист болуды армандаған жас түлек бүгін қолына 11 жыл үздік оқығанын айғақтайтын құжатын алды. Сынаптастары атынан ұстаздарына алғысын айтып, замандастарына  сәттілік тіледі.
Ләззат Сағынтаева – жас түлек
Мен өзімнің достарыма ҰБТ да 140 балл жинап өздерінің арман мақсаттарын жүзеге асыруына тілектеспін. Мен үшін ҰБТ өте қорқынышты сәт деп айтуыма болады. Өйткені, тағдырыңды шешеді. Қайда оқитыныңды шешеді. Өте тебіреністі сәт. Сол үшін барлығына сәттілік тілеймін. Ұстаздарыма достарыма мың алғыс.
Айтып өтейік, биыл қалыптасқан жағдайға байланысты мектеп бітіруші түлектер қорытындылау емтихандарын тапсырған жоқ. Оларға баға алдыңғы тоқсандардың қорытындысы негізінде қойылды. Сонымен қатар, соңғы тоқсан қашықтықтан оқытылды. Енді шәкірттер бақтары мен өз білімдерін маусымның 25-і мен шілденің 5-і аралығында өтетін ұлттық бірыңғай тестте  сынайтын болады.
М. Жарылқасын

Previous Post

БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

КЕНТАУДА 5 МАУСЫМ - ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі