13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

404 МЫҢ ДАНА ТАЛ ЕГІЛДІ

6 июня, 2020
in Қоғам
0
404 МЫҢ ДАНА ТАЛ ЕГІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні! Осыған орай облыс орталығында қала көшелерін тазарту мақсатында сенбілік өтті. Шараны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және «Жасыл аймақ» мекемесі мен облыстық Экология департаментінің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.

Түркістан қаласының аумағын «Жасыл белдеу» құру мақсатында биыл 1 235 гектар жерге 1 387 мың көшет егілді. Облыс бойынша көктемде 1247 гектар жерге мәдени орман алқабы құрылды. Ал, облыс орталығын қажетті көшеттермен қамтамасыз ету үшін «Жасыл аймақ» мекемесінде 300 га жерде орман питомнигі орналастырылды.

Қайрат Абдуалиев — облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Жалпы жоспар 3 жылдың көлемінде. 7700 гектар егілу қажет болатын. Осыған байланысты қаланың туризмінін дамыту мақсаты бойынша 9 мың гектар жуық алқап, егілу жоспарлануда 3 жылдың көлемінде. Биылғы жылы көктем айында 1200 көктем егілсе, былтырғы жылы 2300 егілді. Биыл жыл соңына дейін тағы қосымша тиісті 3 мың гектарға жуық ағаш еге отырып, келесі жылы күз маусымында нақты толығымен егіледі.

Әділжан Абдулдаев — «Жасыл аймақ» КММ учаске бастығы

Жаңа аэропорттың жері 11 км 200 метр ұзындығы. Екі шетінде 4 кулисадан 16 қатар ағаш егілген. Ағаштың түрлері можевник, ясин, қарағаш, терек. 100 метрден алынып отыр. қазір осыларды күтіп баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі рет сауарамыз. Шығымы жаман емес жақсы. Әлі істелінетін жұмыстар көп.

Тұқымбақта онда жалпы 4 млн-нан астам көшет өсірілмек. Бүгінгі таңда оның 160 гектары игеріліпті. Енді алдағы 2 жылда тиісті көшеттер өзге аймақтардан сатып алынбайды. Өйткені арнайы тұқымбақ бар. Ал, Жасыл Аймақта жалпы 450-ге жуық қызметкер бар. Мұндағы ағаштарды егіп, суаруға, ұңғымалар орнатып қоршауға қазынадан 3 трлн-нан астам қаржы бөлінген.

Хамит Жорабаев — облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басқармасының бөлім басшысы

Қазіргі таңда Түркістан қаласының экожүйесін жақсарту мақсатында жасыл аймақ, жасыл белдеу жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда 2300 гектар жерге жасыл белдеу отырғызу жоспарланып, іске асырылуда. Баршаңызды қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын.

Биыл орман қоры жерлерінде 11 500 га жерге мәдени орман екпелерін егу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде басқармаға қарасты мекемелердің тұқымбақтарында 7,1 млн-ға жуық әр түрлі ағаш көшетері өсірілуде. Айта кетейік, өңірдегі елді мекендерге жасыл желектерді отырғызу мақсатында биыл 1031 гектар жерге 471 мың көшет егу жоспарланған. Бүгінде 778 га жерге 404 мың дана тал егілген.

М.ӘСЕМБЕК (shymkenttv)

Previous Post

ШӨКЕЕВ ТӨЛЕБИДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫН БАҚЫЛАДЫ

Next Post

27 МЫҢДАЙ МҰҒАЛІМ СЫНАҚ ТАПСЫРАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі