13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

27 МЫҢДАЙ МҰҒАЛІМ СЫНАҚ ТАПСЫРАДЫ

6 июня, 2020
in Білім
0
27 МЫҢДАЙ МҰҒАЛІМ СЫНАҚ ТАПСЫРАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында мектеп мұғалімдері арнайы атестаттаудан өтіп жатыр. Сынақтан сүрінбей өткен ұстаздардың санаты жоғарылап, жалақысы өседі. Биыл оған 27 мыңдай ұстаз онлайн түрде өтініш берген. Педагогтар Шымкент пен Түркістан қаласында кесте бойынша өз біліктіліктерін сынауда. Тест барысы мен биылғы ерекшеліктер жайлы тілші тарқатады.

Түркістандағы тест орталығында бір мезетте 140-қа жуық ұстаз өз біліктілігін сынақтан өткізе алады. Емтиханның әділ әрі ашық болуы үшін мұндағы компьютерлердің барлығы ғаламтор желісіне қосылған. Мұғалімді        камера арқылы министрлік өкілдері тікелей бақылап отырады. Тест кезінде бармақ басты көз қысты әрекет орын алмауы үшін сынақ тапсыратын ұстаздың қай жерге отыратыны ғаламтор арқылы анықталады. Ал, сұрақтар мұғалім компьютер алдына жайғасқаннан кейін ғана белгілі болады.

Бақдаулет Бегалиев — тест орталығының аймақтық директоры

Карантин екенін ескере отырып арнайы рұқсат алдық. Орын минстрліктен азаматқа бекітіледі. Сол орында ол отыруы керек. Адами факторлар оған әсер етпейді. Ол компьютер. Бұл камералардың барлығын Астана қаласында министрлік те қарай алады.

Тест тапсыру үшін бір мұғалімге 3 сағат 20 минут уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде сұрақтарға жауап беруіне болады. Ал, қорытынды барлық сұраққа жауап берген соң бірден шығады. Егер соңғы бағамен келіспесе сол жерде шағым түсіре алады. Сөйтіп өзінің ойын білдіріп, дұрыс-бұрыстығына көз жетізуіне де болады. Қысқасы ұстаздардың біліктілігін арттыру үшін барлық жағдай жасалған.

Дүйсебелі Тұрсынәлиева – ұстаз

Мен осымен екінші рет атестациядан өтіп отырмын. Бірінші рет қағаз түрінде тапсырғанмын. Ол кезде қиын болған. Ал, бұл жолы өте ыңғайлы болды. Ал, сұрақтарға келер болсақ, өзі саласын жақсы білетін маман үшін қиын емес деп ойлаймын.

Айтып өтейік, маусымның 2-не басталған сынақ тамыз айының ортасына дейін жалғасады. Ос уақыт аралығында өтініш берген 27 мың мұғалімнің барлығы өз біліктіліктерін тексеруден өткізеді. Еске сала кететін тағы бір мәселе сынақтан сүрінген ұстаздардың дәрежесімен жалақысына ешқандайда кері әсері болмайды.

Н. Ысқақов

Previous Post

404 МЫҢ ДАНА ТАЛ ЕГІЛДІ

Next Post

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі