13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста түлектер мен депутаттар мектепке 40 домбыра сыйлады

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Түлкібаста түлектер мен депутаттар мектепке 40 домбыра сыйлады
41
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі мен «Балалар жылына» орай Түркістан облысы, Түлкібас ауданына «Мектепке домбыра сыйла!» акциясы өтті. Домбыраны кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен іс шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Оған аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев, мәслихат депутаттары мен осы мектептен түлеп ұшқан түлектер қатысып, акцияға өз үлестерін қосты.

Маңызды шараның мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне ықпал етері сөзсіз. Осы ретте мереке күнге орайластырылған шара барысында Тұрар Рысқұлов мектебіне 40 домбыра сыйға тартылды.

Мерекелік жиында мәслихат депутаттары және басқа да қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, Т.Рысқұлов мектебінің директоры Е.Мақашев игі шараны эстафета ретіне Б.Момышұлы мектебіне тапсырды. Айта кетейік Түркістан төрінде 1500 оқушының орындауында Құрманғазының «Балбы­ра­уын» күйі орындалды. Облыстың өнерлі балалары «Dombyra Party» флеш-мобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Халық көп шоғырланған ортада, ашық аспан астында ұйымдастырылған ауқымды шаралар қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш етті. «Балалар жылы» аясында өткізілетін «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында өткізілетін 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев балаларды мерекемен құттықтап, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Түлкібаста 64 отбасы қоныс тойын тойлады

Next Post

Республикадағы мектептердің төрттен бірі Түркістан облысында салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі