13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Республикадағы мектептердің төрттен бірі Түркістан облысында салынады

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Республикадағы мектептердің төрттен бірі Түркістан облысында салынады
36
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жекеменшік мектептердің саны артады. Бұл бағытта инвесторларды тарту жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушыларды арнайы автобустар тасымалдайды. Ол үшін жаңа автобустар сатып алынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.

Өңір басшысы аудан, қала әкімдеріне білім ұяларының мәселелерін назарда ұстауды тапсырды. Адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп, өзекті мәселелерді бірге шешуді тапсырды.

Республика бойынша 2021-2025 жылдар аралығында салынып жатқан мектептердің төрттен бір бөлігі – Түркістан облысына тиесілі. 4 жылда өңірде 199 мектеп бой көтереді. Былтыр бюджет қаржысына салынған 44 мектеп, жекеменшік 16 мектеп пайдалануға берілді. Облыстың бас ұстазы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, биыл облыста 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20 млрд. теңгеден астам қаржы қаралды.

Аппарат отырысында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаевтың баяндамасы тыңдалды. Облыста саяси ахуал тұрақты. Өмірзақ Шөкеев барлық аудан, қала әкімдеріне өзекті мәселелерді жедел шешіп, халықтың сын-ескертпелері мен ұсыныстарына шапшаң үн қатуды және қоғаммен байланысты нығайтуды міндеттеді. Былтыр бюджет қаржысына салынған 44 мектеп, жекеменшік 16 мектеп пайдалануға берілді. Жалпы Республикадағы мектептердің төрттен бірі Түркістан облысында салынады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Түлкібаста түлектер мен депутаттар мектепке 40 домбыра сыйлады

Next Post

Түркістан: Келестік диқандардың қарбыздары экспортқа жол тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі