13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Келестік диқандардың қарбыздары экспортқа жол тартты

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Келестік диқандардың қарбыздары экспортқа жол тартты
39
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Келес ауданында қарбыз пісті. Биылғы алғашқы түсім еліміздің ірі қалаларына саудаланады. Сонымен бірге шет мемлекеттерге экспорттала бастады. Бозай ауылдық округіндегі «Әбіл» шаруа қожалығы 40 гектар аумаққа қарбыз егіп, жемісін көруде. Бүгінгі таңда шаруа Нұрлан Мұстаев 22 тонна өнімді өткізіп үлгерді.

– Қыстың соңына қарай үй алдындағы жылыжайға қарбыздың дәнін егіп, көшет күйіне жеткіземіз. Көктемнің жайма-шуақ күндерінде Сыр бойындағы егіндік алқабымызға егеміз. Көктемнің соңғы күндеріне, яғни 3 айда қарбыз піседі. Жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтыдық, – дейді «Әбіл» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Сапарқұлұлы.

Жақында ғана Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округінде орналасқан «Тың» ауылының диқаны Мүйтенбаев Бекжігіт өз иелігіндегі 1 гектарға ерте пісетін пленка астындағы қарбыз егіп, 25 тонна өнімді Ресейге жөнелтті.

«Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін сортын екі қабат пленка астына ектік. Ауа-райы қолайсыз болған кездерде уайымдадық, әрине. Алайда барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты», дейді шаруа.

Қорыта айтқанда Жетісай ауданы бойынша 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны бүгін-ертең піскелі тұр. Айта кетейік, биыл Жетісай ауданы бойынша 17 мың гектарға бақша дақылдары егілген. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 1100 гектар аумақта 236 жоба іске асырылып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Республикадағы мектептердің төрттен бірі Түркістан облысында салынады

Next Post

Шымкенттің туристік және инвестициялық әлеуеті катар елінде таныстырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі