13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста 64 отбасы қоныс тойын тойлады

8 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Түлкібаста 64 отбасы қоныс тойын тойлады
42
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы тұрғындары үшін бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 64 пәтерлік бір тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.

Қуанышты іс-шараны аудан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен ашып, жиналған қауымды баспаналы болуларымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 2700-ден астам азамат болса, соның 64-і баспаналы болды. Оның ішінде 24 көпбалалы отбасыға, 2 толық емес отбасыға, 13 ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, 1 бюджет саласының қызметкеріне және кент орталығындағы үйлері аппаты деп танылған 23 тұрғынға баспана берілді.

Жалпы Түркістан өңірінде биыл 10 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Мұнда жыл аяғына дейін 836 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Көпқабатты баспаналардың дені аудандарда салынып жатыр.  Сондай-ақ өңірде өз күшіммен үй салам дегендерге де жер беріледі. Қорыта айтқанда Түркістан облысында бүгінгі күні 47 мың адам баспана кезегінде тұр. Олардың 33 мыңнан астамы әлеуметтік жағдайы нашар және көпбалалы отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері. Сондай-ақ бүгінде мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген ипотеканың басым бөлігі «Отбасы банк» арқылы беріледі. Алдағы уақытта әкімдіктердің баспана кезегі де осы банкке ауыстырылады. Тұрғын үй саласындағы қолдау шаралары толығымен нарықтық жүйеге көшеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облысында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Next Post

Түркістан: Түлкібаста түлектер мен депутаттар мектепке 40 домбыра сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі