13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы: Отбасылық шағын кәсіпкерлік ауыл дамуының басты кепілі

12 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Ордабасы: Отбасылық шағын кәсіпкерлік ауыл дамуының басты кепілі
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаевтың халықпен есепті кездесуі Бөген, Жеңіс ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Ең әуелі, Бөген ауылдық округіндегі Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінде өткен есепті кездесуде өткен жылда атқарылған ауқымды жұмыстар видео хабар ретінде көрсетіліп, биыл атқарылатын бірқатар жоба-жоспарлар таныстырылды.

«Өздеріңізге белгілі, ауыл, елді мекендердің дамуы үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде. Соның бір дәлелі жыл өткен сайын ауылдардың бюджеті өсіп келеді. Мәселен, 2021 жылға ауыл бюджеті 27 млн. 656 мың теңге жоспарланып, толығымен игерілді. Ал, 2022 жылға нақтыланған бюджеті 42 млн. 266 мың теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда14 млн. 610 мың теңгеге артып отыр», деді аудан әкімі есепті кездесуде.

Сондай-ақ, алқалы жиында шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, әлеуметтік, коммуналдық сала бойынша биыл Бөгенде жүзеге асатын маңызды жоспарлар таныстырылды.

Есепті жиында медициналық мекеме мен пошта қызметінің ауыл тұрғындары үшін қиындық тудырып отырғандығы сөз болды.

Өз кезегінде аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы осы жылдың соңына дейін қаншама жылдан бері түйіні тарқамай келе жатқан ауылдағы дәрігерлік мекеме қызметін қайта іске қосу үшін аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері Болатхан Сағымбековке тапсырма берді.

Ауыл орталығындағы екі қабатты ескі аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді салалық бөлімдер мен әкім орынбасарларына жүктеді.
Әрі жөндеуден өткен 100 орындық мекеме ғимаратына Қазпочта қызметі секілді халыққа қызмет көрсету мекемелерін жайғастыру жағын айтып өтті.

Тұрғындар аудан басшысының мәселені дер кезінде қадағалуға алғандығына алғысын айтып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Есепті кездесу Бөгеннен соң Жеңіс ауылдық округінде жалғасып, онда да өткен жылға есеп беріліп, осы жылға атқарылатын жоба-жоспарлар айтылды.
Есепті жиында аудан әкімі жергілікті шарт-жағдайды тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікпен айналысу арқылы тұрғындардың әл-ауқатын көтеру жағына баса назар аудару керектігін тілге тиек етті.

Мәселен, ауылдағы үй шаруашылығы секторында калифорниялық қызыл шылаушан өсірумен 4 адам айналысып, табысын еселей түскен.
Ауыл тұрғыны Серік Жақсылықов бастапқыда 1 шаршы метр жерге 150 мың. теңгеге 30 мың бас шылаушан алып кәсібін бастаған. 6 ай ішінде көлемін 200 шаршы метрге ұлғайтып, биогумс органикалық тыңайтқыш ала бастады. Бүгінгі таңда Жеңісте кәсіптің осы түрімен үй шаруашылығында 3 азамат (2 айдан асқан) айналысуда.

Мұнан бөлек, Жеңіс ауылында алдағы уақытта шағын кәсіпкерлік саласында 20 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылмақ. Инвестициялық жоба жүзеге асқан жағдайда ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Аудан әкімі есепті кездесулерден соң ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың көкейінде жүрген өтініш-тілектерін тыңдады.

Ауылдастардың жер, инженерлік-инфрақұрылым, тұрғын үй, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша талап-тілектерін назарға алып, салалық әкім орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшыларына нақты тапсырма жүктеді.

Кездесу қортындысы бойынша арнайы хаттама толтырылып, мәселені аудан басшысы тікелей өз қадағалауына алатындығын жеткізді.

Ауыл тұрғындарын дәстүрлі ауыл шаруашылығынан заманауи әдіске көшіп, бір алқаптан 2-3 рет өнім алуға, көрші аудандардың, облыстардың шаруашылықтағы жақсы жобаларын өз ауылдарында жүзеге асыруға шақырды.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттік кәсіпкерлер бизнесті онлайн тіркей алады

Next Post

Шымкентте полиция қызметкерлерімен жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі