13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте полиция қызметкерлерімен жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

13 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте полиция қызметкерлерімен жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Қаратау ауданы бойынша полиция басқармасының жеке құрамымен кездесіп, тәртіп сақшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер талқыланды.

Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып,  қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге қатысты жауапкершілікті, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың салдарын жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары туралы айтты.

Жиын барысында құқық қорғаушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер: адалдық, парасат, әділдік және сенім құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығы айтылды.

Previous Post

Ордабасы: Отбасылық шағын кәсіпкерлік ауыл дамуының басты кепілі

Next Post

«Аmanat»: Партияның қатары түрлі сала мамандарымен толықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі