13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкерлер бизнесті онлайн тіркей алады

12 мая, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік кәсіпкерлер бизнесті онлайн тіркей алады
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері, бүгінгі күні, заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік корпорация көрсететін мемлекеттік қызметтерден заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында (адами фактордың қатысуынсыз) толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы толық автоматтандырылғаны туралы және оны қалай рәсімдеу керектігін айтып берді.
Мысалы, ЖШС ашу үшін жаңа бастаған кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салық басқармасына барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба қажет. ЖШС тіркеу egov.kz сайтында нұсқауларды орындасаңыз, 30 минуттан аз уақыт кетеді.
Осылайша, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электрондық хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылады және беріледі.
Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдейді және ЖШС тіркеу туралы анықтаманы 30 минуттан кейін береді.

Previous Post

Медицина саласын дамытуда жүйелілік басты назарда

Next Post

Ордабасы: Отбасылық шағын кәсіпкерлік ауыл дамуының басты кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі