13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте «TAZA SESSIYA» акциясы өтті

1 апреля, 2022
in Білім
0
Шымкентте «TAZA SESSIYA» акциясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 29-30 наурыз аралығында Шымкент қаласының ЖОО-да сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау бойынша «TAZA SESSIYA» акциясы өтті.

«Taza sessiya» акциясы студенттер арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттауды көздейді. Негізгі мақсаты – емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу.

Осы мақсаттағы шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Аталған шара барысында қаламыздағы 7 ЖОО-ның: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Орталық Азия инновациялық университеті, Мирас университеті, Шымкент университетінің 2100 студенттері сауалнама парақшаларын толтырды. Сауалнама анонимді форматта жүргізілді.

Комиссия құрамында Республикалық «Jas Otan» ЖҚ-ның арнайы өкілі, өңірлік «Адалдық алаңының» менеджері, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жолдыхожаев, олимпиада чемпионы Жазира Жаппарқұл, қоғам белсендісі Олжас Мамыр және қалалық болды. «Jas Otan» ЖҚ-ның мүшелері болды.

Еске сала кетейік, «Taza Sessiya» акциясын өткізудің соңғы қорытындысы бойынша 64 ЖОО және 20 710 студент қамтылды, сауалнама қорытындысы бойынша ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 12,5% құрады.

Анонимді сауалнамаға республикамыз бойынша 60-тан астам ЖОО мен 30 мыңға жуық студент қатысады.

Жемқорлықпен бірге күресіп, отандық білім сапасын көтерейік!

Tags: 13kz13kz.kz13кзсыйбайлас жемқорлықШымкент
Previous Post

Шымкент : Цифрландыру бағытында маңызды жобаларды іске асыру көзделуде

Next Post

Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі қандай?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі